Вторник, 12.12.2017, 03:45
Приветствую Вас Гость | RSS

Қазақша рефераттар, кітаптар, Шығармалар

Сайт Мәзірі
Сұрақ - Жауап
Біздін сайт қалай ?
Всего ответов: 1412
Барлык рефераттар
Жалпы мемлекеттік салықтар Оқушылардың танымдық қызығушылығыны Оқудың педагогикалық технологиялары XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы Астана - столица Республики Казахст Афганистан и Казахстан Бессмертный подвиг героев - казахст ВЗАИМООТНОШЕНИЯ КАЗАХСКОЙ СТЕПИ С С Внешняя политика независимого Казах Восстание 1837—1847гг. под руководс ДОБРОВОЛЬНОЕ ПРИСОЕДИНЕНИЕ КАЗАХСТА Европейский Союз и Казахстан (дипло Ерте темір дәуіріндегі тайпалық ода Жеты Жаргы Индустриализация в Казахстане Турксиб Информация и история - Возникновени История развития города Усть-Камено Казахстан в годы ВОВ Казахстан в период монгольского наш Казахстан во времена Советского Сою Казахстан во временя Советского Сою Казахстан. Модернизация: проблемы и Казахстанско-турецкое сотрудничеств КАНЫШ ИМАНТАЕВИЧ САТПАЕВ Монгол_шапкыншылыгы Сырым Датұлы Ханство Абулхаира Актамберды-Жырау Аль Фараби Бауыржан Момышулы Богенбай батыр Keрей хан Есим хан Жамбыл Жабаев Ибрай Алтынсарин Казыбек би Кенесары Касымулы Магжан Жумабаев Мухтар Ауезов Олжас Сулейменов Роль и взгляды Алихана Букейханова Султанмахмуд Торайгыров Чокан Валиханов Акша-несие саясаты Бруцеллез ауруы Генетиканың негізгі түсініктері. Те Дарвин Чарльз Роберт Емдік өсімдіктер Динозаврлар Тіршілік эволюциясы Тұқым қуалаушылық Фотосинтез Алматы Арал теңізінің жағалаулары Астана - Қазақстанның бас қаласы Абай Кунанбайулы АБЫЛАЙ ХАН АСАН_КАЙГЫ АХМЕТ ЙАСАУИ ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ Жамбыл_Жабаев. Жусипбек Аймауытов МҰХТАР ӘУЕЗОВ МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ Сүйінбай Аронұлы Сұлтанмахмұт Торайғыров ТОЛЕ БИ Шоқан Уәлиханов Ыбырай Алтынсарин Әл Фараби Қасым Аманжолов ҚОРҚЫТ АТА Жердің жалпы ерекшеліктері Батыс Қазақстан Орталық Қазақстан Семей полигоны Ақша саясаты Ақша қаражаттары Банк менеджменті Банктік карточкалар Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру Депозиттік операциялар Есеп Еңбек нарығы Еңбекақы инвестиция Ипотекалық несие Адам генетикасы Биология дамуының қысқаша тарихы жө Генетиканың даму тарихы Қазақастан қаұстары БАЭ Биогеография Биосфера Болгария германия египет Жапония Ибица израиль Испания жануарлары Қазақстан Республикасы топырағы өсімдіктері «Қылмыс» ұғымы және оның белгіері Заңды тұлғалаp Мемлекет және құқық. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру Қазақстан Республикасындағы тiл тур Excel электрондық кестесі html MS Word мәтіндік редакторы PowerPoint Web-бет дизайны Архиваторлар Дербес компьютердің негізгі элемент интернет Компьютер Компьютерлік вирустар казахстан тауелсиздиги 20 жыл рефер Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл реф

Қазақша рефераттар kz, Рефераты, курсовые на казахском


Главная » Файлы » Химия

Менделеев Дмитрий Иванович
23.01.2012, 12:32
                                                                Менделеев Дмитрий Иванович

                                                                             (1834-1907)

Мәселен, календарь, сағат немесе көбейту таблицасы тәрізді адам қажет етпей тұра алмайтын бір заттар болады. Химияның дәл сондай «көбейту таблицасы» химиялық элементтердің периодты системасы болып табылады. Оны 1869 жылы өз отандасымыз Д. И. Менделеев жасады.

Дмитрий Иванович Тобольск қаласында дүниеге келді. Оның балалық шағы қиыншылықпен өтті. Өзі Тобольск қаласындағы гимназия директорының он жетінші баласы болатын, жастайынан бұғанасы қатпай жетім қалды. Менделеев педагогикалық институтты бітіріп, ең әуелі мұғалімдік қызмет атқарды. Сол кезде көптеген болашақ көрнекті химиктер оның оқушысы, шәкірті болды.

Ол «Химия негіздері» деп аталатын тамаша оқулық жазды. Бұл оқулық нағыз химия энциклопедиясы еді. Менделеев оны жаңа ашылған жаңалықтармен толықтырып, үнемі жетілдіріп отырды. «Химия негіздерімен» айналыса жүріп, ол химиялық элементтердің атақты периодты системасын да жасады.

Д. И. Менделеев егер элементтерді ең жеңіл – сутегінен бастапең ауыр – уранға дейін олардың атомдық салмағының өсуі реті бойынша орналастырса, сол кезде белгілі болған 63 химиялық элементтің қасиеттері периодты түрде қайталайтындығын ашты. Бұл заңдылық табиғи заңдылықтарды анықтаған және осы жаңалық ашылғанға дейін химиялық элементтер әлемінде болған шатасушылықты ретке келтірген периодты системаға негіз болды.

Өзінің системасына сүйене отырып, Менделеев әлі белгісіз бірнеше элементтердің бар екенін болжады және олардың аса маңызды қасиеттерін сипаттап берді. Ақыр аяғында бұл элементтердің бәрі де ашылды. Сондай-ақ ол химия ғылымындағы ең алғашқы нағыз ғылыми болжам болды.

Адам баласына тән қызмет атаулының Менделеев назар аудармаған саласын табудың өзі қиын.

Ол мұнай кен орындарын, мұнайдың әр алуан құрамын зерттеп көрді. Сірә, ол мұнайдың отын ретінде ғана емес, одан көптеген аса маңызды заттар алудың көзі ретінде де құнды дүние екендігіналғаш тұжырымдаған да болуы керек. Ол жер атмосферасын зерттеді және қорықпастан жалғыз өзөі әуе шарымен көкке ұшты.

Ол Арктиканы игеру ісіне де көңіл бөліп, мұзжарғыш кеменің жобасын жасады. Бірақ бұл мұзжарғыш кемені жасау ісі қолдау таппай қалды.

Ол көп жылдар бойы өлшем мен салмақ бас палатасына директор болып, дәл өлшемдер жөніндегі ғылымның дамуына ықпал жасады.

Менделеев ауыл шаруашылығымен айналысты, сауда ісін зерттеді, түтінсіз дәрі құрамын жасап шығарды, әуеде ұшу ісіне де көңіл аударды... Оның Толық шығармалар жинағы қалың-қалың жиырма бес томнан тұрады. Ол дүние жүзінің көптеген елдерінің академиялары мен ғылыми қоғамдарына құрметті мүше болып сайланды.

Бір күні Бобловада (Менделеевтің имениесі) шаруалар Менделеевтен: «Дмитрий Иванович, сенің егінің қалайша осылай бітік болып шықты. Бұл өзі саған біткен талант па, әлде бақыт па, осыны түсіндірші бізге?»- деп сұрайды. Сонда Менделеев оларға күлімсірей қарап: «Әлбетте, талант, бауырларым!» - деп жауап беріпті. Шынында да, ол ешқандай асырып айтпаған еді. Оның әрбір ісі нағыз таланттың, талант болғанда да үздіксіз еңбекпен еселенген толассыз таланттың туындысы болатын. Ол өзін кемеңгер деп атағанды ұнатпайтын. «Қайдағы кемеңгерлік дейсің. Өмір бойы еңбектендім, міне соның нәтижесі», - дейтін өз еңбегі жайында.

Менделеевтің дүние салуы – бүкіл ел қабырғасын қайыстырған ауыр қаза болды. Мыңдаған адам оны ақырғы сапарға аза тұтып шығарып салды. Менделеев Петербургтегі Волково зиратына жерленді. Азалы шеруге қатысушылар өздерімен бірге элементтердің периодты системасының үлкен кестесін алып жүрді. Ол Менделеевтің өзінен кейінгі ғалымдар ұрпағына қалдырған өсиеті сияқты еді.
Категория: Химия | Добавил: KAZAKH
Просмотров: 5575 | Загрузок: 0 | Комментарии: 5 | Рейтинг: 3.4/9
Всего комментариев: 3
3  
Ақпарат азз

2  
Салем. Маган "Акку-кили кус" такырыбына шыгарма керек едi. Комек етниздерш

1  
не полный реферат мало информации

Имя *:
Email *:
Код *:
Іздеу
Мини-чат
Статистика
Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта УЛИТКА - каталог ресурсов интернет Goon Каталог сайтов MyTOP.kz


Посетители за сегодня

Зарегистрированных
Всего:
40
Новых за месяц: 0
Новых за неделю: 0
Новых вчера: 0
Новых сегодня: 0